Жаңалықтар

Атырауда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды

Атырауда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды
06.02.2019 04:26 2315

Атырау қаласында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері мен «Заманауи» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2-ақпанда «Мұнайшы» спорттық кешенінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірім үйі» тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Шынықсаң - шымыр боласың» атты қайырымдылық спорт фестивалі өтті.

Фестивальде ММА, каратэ, кроссфит секілді спорттың бірнеше түрлерінен   жарыстар өтті. Фитнес орталығының атқарушы директоры балаларға спорттық клубқа бір күндік қонақ болуға рұқсат беретін шақыру билетін үлестірді.

Ал келесі күні Атыраудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің» тәрбиеленушілері өз қолдарымен жасаған туындылардың қайырымдылық  жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары мен жастар қолдан жасалған бұйымдарды тамашалап қана қоймай, қажетті заттарын сатып алып, балаларға қуаныш үмітін сыйлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға