Жаңалықтар

Атырауда алаяқтықпен айналысқан лауазымды тұлғалар ұсталды

Атырауда алаяқтықпен айналысқан лауазымды тұлғалар ұсталды
Фото: El.kz 26.09.2023 12:18 388

Атырауда алаяқтықпен айналысқан лауазымды тұлғалар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, қалалық әкім аппараты мен жер қатынастары, сәулет және бөлімінің бұрынғы басшылары қамауға алынды. Олар алаяқтық және өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Лауазым иелеріне жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезінде алаяқтық жасаған деген айып тағылды.

Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға