Жаңалықтар

Атырауда әкімдік қызметкері су тасқыны кезінде көлік қарап жүргені рас па

Атырауда әкімдік қызметкері су тасқыны кезінде көлік қарап жүргені рас па
Фото: Видеодан кадр 08.04.2024 21:15 677

Атырау облысында су тасқыны болып жатқан кезде жергілікті әкімдік қызметкерлерінің көлік салонында жүрген сәті сынға ұшырады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Халық сумен арпалысып жатқанда Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері жаңа көлік қарастырып жүргенін жергілікті белсенділер бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. 

Алайда әкімдіктің сөзінше, қызметкер көлікті жөндеуден өткізу мақсатында ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын білу үшін барғаны айтылды. Сондай-ақ, Атырау облысы Әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ресми пікір білдірді.

8 сәуірде әлеуметтік желілерде Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері А.Ибрагимов «ТОЙОТА»центр автосалонында жұмыс уақытында көлік қарап жүргеніне қатысты бейнежазбасы таралды. Алайда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі «ТОЙОТА» автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген уақытында блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген. Аталған видеодағы қызметкер ақпарттағы айтылғандай әкім орынбасары емес. А. Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымын атқарады. Аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасаған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру  әрекеттерін құп көрмейтінімізді жеткіземіз, - деді Руслан Жұмағазиев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға