Жаңалықтар

Атырауда мен Өскеменде Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті

Атырауда мен Өскеменде Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті
27.01.2020 07:51 2970

Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен қаладағы колледждер мен аудандарда іс-шаралар басталып кетті.

Соның ішінде Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Абай мұрасы – әлемдік мәдениет қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі әрі ұлы ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Колледж студенттері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері кітап көрмесі арқылы Абай әлеміне тереңірек бойлауға мүмкіндік алды.

Атырауда мен Өскеменде Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті

Атырау қалалық №8 орталық кітапхананың меңгерушісі Айсұлу Мұқанғалиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына тоқталып, Абайдың 10-ыншы қара сөзінен үзінді келтірді.

Өз алдына студенттер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Богдан Шевченко мен колледж студенті Әділ Тұрағалов жанды дауыста «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін нақышына келтіре орындап шықты.

Атырауда мен Өскеменде Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті

Колледждің Жастар комитетінің төрағасы Рүстем Темірғалиев құрбы-құрдастарын Абай мұраларын көбірек оқуға үндеді.

Кештен естелік ретінде кездесу соңында Атырау облысы ҚХА-ның атынан жастарға Абай шығармаларының жинағы табыс етілді.

Өскеменнің Республика алаңында да Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар ресми басталып кетті.

Атырауда мен Өскеменде Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті

Салтанатты жиыннан Достық үйі қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктер, шығармашылық ұжымдар да тыс қалмады. Олар түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, іс-шараның ажарын келтірді.

Өскемен қалалық мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған жылды ресми түрде ашып, құттықтау тілегін айтты. Жиналғандар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, дара ақынның рухына тағзым етті.

Атырауда мен Өскеменде Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға