Жаңалықтар

Атырауда 4 қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

Атырауда  4 қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды
Фото: Видеодан кадр 15.04.2023 17:13 801

Атыраулық полицейлер мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Полицияға Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатынан белгісіз азаматтың секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен.

1994 жылы туған ер адам полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде құтқарылды.

Дәрігерлік сараптама нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болған анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға