Жаңалықтар

Атырауда 3 мыңнан астам отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды

Атырауда 3 мыңнан астам отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 10.05.2024 14:00 260

3740 жылыойлық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов мәлімдеді. 

Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін қабылдауды жалғастыруда. Қазіргі уақытта ауданның 3906 тұрғынынан біржолғы төлем алуға өтінім келіп түсті. 

Бүгінгі таңда Жылыой ауданының 3740 отбасына жалпы сомасы 1 380 808 000 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда, - деді Азамат Мәмбетов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға