Жаңалықтар

Атырауда 150 оқушы хиджаб кигізбегені үшін мектепке бармай отыр ма? Министр жауап берді

Атырауда 150 оқушы хиджаб кигізбегені үшін мектепке бармай отыр ма? Министр жауап берді
Фото: © El.kz/Арман МҰХАТОВ 10.10.2023 12:48 1431

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб киюге министрлік рұқсат бермегені үшін мектепке бармай отырған оқушылар туралы айтты. Оның сөзінше, оқу жылының басында мұндай проблема болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қыркүйек айының басында мұндай проблема болды. Атырау облысында мұндай балалар 150-ден де көп болды. Бірақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бала үшін білім алу бәрінен маңызды екенін айтып түсіндірдік. Ал республиканың басқа аймақтарында мұндай неше оқушы бар екені туралы менің қолымда ақпарат жоқ. Өйткені хиджабқа байланысты сабаққа бармай отырған оқушылар жоқ, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға