Жаңалықтар

Атырау тұрғынынан 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

Атырау тұрғынынан 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді
Фото: Атырау облысы ПД 09.03.2023 13:08 764

Атырау тұрғын үйден ақбөкеннің 2500-ге жуық мүйізі тәркіленді. Осыған байланысты үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәркіленген мүйіздің салмағы 500 келіден асады.

«Департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерімен бірге «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара кезінде Атырау қаласындағы «Береке» ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірі тексеріліп, жалпы салмағы 500 келіден асатын 2 421 дана ақбөкен мүйізі анықталды. Осыған байланысты 1991, 1987 және 1986 жылғы күдіктілер анықталып, ұсталды. Келтірілген залал құны 6 млрд 264 млн теңгеден асады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлінімен қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға