Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Атырау қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Фото: Атырау облысының әкімдігінің баспасөз қызметі 26.04.2023 11:11 1009

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи қанша жалақы алатынын “Обожаю” Youtube-арнасының журналисі Асхат Ниязовқа берген сұхбатта айтты деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жалақым бүгінде 840-850 мың теңгеге жетті. 300 мың алдын-ала төленеді, содан кейін 500 мың беріледі. Бұған дейін NurOtan (Қазіргі Amanat) партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бола тұра, 350 мың жалақы алдым, – деді М.Қалауи

Әкімге жер учаскесі тегін берілгені белгілі болды. Сондай-ақ ол пәтер үшін12 жыл ипотека төлегенін айтты. Ата-анасы өз үйлерін өздері салған. Әкесі Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс істеген, ал анасы мұғалім.

Мейрім Қалауи 2022 жылдың 4 наурызда Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға