Жаңалықтар

Атырау қаласында екі аптада 200 шақырымнан асатын жағалауды нығайтатын бөгеттер салды

Атырау қаласында екі аптада 200 шақырымнан асатын жағалауды нығайтатын бөгеттер салды
Фото: Атырау облысының әкімдігі 20.04.2024 17:01 494

Атырауда Жайық өзенінің көтерілуіне және Иректі су қоймасынан су ағынының күшеюіне байланысты жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жағалауды нығайту жұмыстарына 1028  техника тартылып, әртүрлі ұйымнан 3875 қызметкер, 3741 ерікті ат салысуда. 
Бүгінгі таңда қала 111 секторға бөлінген. Онда бөгет салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаланы су тасқынынан қорғау үшін қазіргі уақытта 238 шақырым бөгет салу жоспарланып отыр. Оның 203 шақырымы аяқталды.

Бүгін сенбілік аясында жағалауды нығайту жұмыстарына 126-дан астам ұйым және 8000-нан астам мемлекеттік қызметші, еріктілер, түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Талғайран ықшамауданында бөгет салған аппарат қызметкерлері қатысты.

Табиғи апатқа қарсы күрес біздің қаншалықты біртұтас екенімізді көрсетті. Біз атыраулықтардың, түрлі компаниялар мен билік органдарының қаламызды қорғау үшін бірге жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Кәсібіне, жасы немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрқайсымыз өз үлесімізді қосудамыз. Біз кез келген қиындықты бірлігімізбен ғана еңсере аламыз, - деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы, Атырау облысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Жоспарланған 506,8 шақырым жағалаудың 423,95 шақырымына қорғаныс бөгеттері салынды. Орындалған жұмыс көлемі - 83,6%. Сондай-ақ, 2,5 миллион қап төселді. Жұмыстарға 17 549 адам және 1 800 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға