Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Құлсарыны сумен қамту бойынша шұғыл жиын өткізді

Атырау облысының әкімі Құлсарыны сумен қамту бойынша шұғыл жиын өткізді
Фото: Атырау облысы әкімдігі 26.05.2024 12:10 395

Атырау облысының әкімі СерікШәпкенов Құлсары қаласын сумен қамту мәселесі туралы шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиында судың құрамы «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының жаңа лупингін пайдалануға беру кезінде ластанғаны белгілі болды.

Лайдың көптігінен су құрамы толық тазармай, Құлсары қаласына қажетті су көлемі берілмеді. Лайлану көрсеткіші стандартқа сай емес. 

Облыс әкімі тез арада кеткен кемшілікті реттеуді тапсырды. Сондай-ақ лай суды жинақтаушы резервуарлардан ағызу қажетігін атап өтті. Құбырлар толық тазарғанша  магистральдық желіден су жіберілетін болды. 

ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, судың құрамы толық тазарғанға дейін жұмыстар жалғасады. Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға