Жаңалықтар

Атырау облысының білім басқармасына басшы тағайындалды

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа басшыны ұжымға таныстырды
Атырау облысының білім басқармасына басшы тағайындалды
Фото: kazlenta.kz 01.09.2022 18:14 1096

Атырау облысы әкімінің өкімімен білім беру басқармасының басшысы болып Гүлнар Сәдуақасова тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа басшыны ұжымға таныстырды, деп хабарлайды El.kz.

Гүлнар Сәдуақасова еңбек жолын 1989 жылы бұрынғы Гурьев музыка училищесі, қазіргі «Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінде концертмейстер қызметінен бастаған.

1993-2007 жылдары колледжде музыка теориясы пәнінен оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары боп жұмыс істеді.

2007 жылдың қазан айынан бүгінге дейін «Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар, Гүлнар Сәдуақасова облыстық балалар музыка мектептері басшылары кеңесінің төрайымы, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға