Жаңалықтар

Атырау облысындағы Сарайшық ауылын су басу қаупі бар

Атырау облысындағы Сарайшық ауылын су басу қаупі бар
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 16.05.2024 09:01 605

Сарайшық ауылында әр 200 метр сайын кезекшілер бөгетті бақылауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиеваның хабарлауынша, кезекшілер арнайы бөлінген 8 сектор бойынша жұмыс атқаруда.

Сарайшық ауылында тасқыннан қорғану мақсатында салынған бөгеттің жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта
әр 200 метр сайын кезекшілік қойылды. Кезекшілер 4 сағат сайын ауысып, жағалау тәулік бойы бақыланып отыр, - деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Еске сала кетелік, Сарайшық ауылында 13,6 шақырым бөгет салынды. Оның ішінде, бөгеттің 5,4 шақырымы қайта жаңартылды. 8,2 шақырым бөгет жаңадан салынды.

Тасқынмен күреске 200 сарбаз, 14 ТЖД мамандары жұмылдырылды. Сарайшық ауылында 2972 тұрғын, 506 үй бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға