Жаңалықтар

Атырау облысында жыл басынан бері қанша жасөспірім жоғалған

Атырау облысында жыл басынан бері қанша жасөспірім жоғалған
Фото: © Pixabay.com 23.11.2023 16:05 771

Атырау облысында жыл басынан бері жасөспірімдердің жоғалуына қатысты 365 дерек тіркелді, – деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы  Фархад Ислямов 351-і тәулікке жеткізілмей аман-сау табылып, үйіне жеткізілгенін атап өтті.

Қалған балалар 1-2 күн ішінде анықталды, өкінішке қарай бір жасөспірім өз-өзіне қол салып өзеннен өлі денесі табылды. Жалпы, қазіргі таңда департамент қызметкерлерінің іздеуінде 16 із-түссіз жоғалған азаматтың ақпараты бар. Оларың кейбіреуі 2015 жылдардан бері іздеуде тұр. Басым бөлігі ер адамдар. Олардың ақпараты республикалық жоғалғандар базасына енгізіледі және тұрақты басылым беттерінде жарияланып тұрады, – деді ол.

Фархад Ислямовтың сөзінше, қандай да бір ақпарат болса бірден тиісті іс-шаралар қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға