Атырау облысында жоғалған адамдар табылды

 ҚР ТЖМ / видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ / видеодан алынған кадр

ТЖМ мәліметінше, 19 ақпанда Атырау облысы Мақат кентінің тұрғындары 4 адам, оның ішінде 1 бала мал іздеуге қыстауға қарай жеңіл автокөлікпен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оларды іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция, жоғалған адамдардың туыстары жаяу және автокөлікпен іздестірді. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы да тартылды.

ТЖД күшімен жоғалған адамдар елді мекеннен 80 км қашықтықта табылды. Жоғалған тұрғындардың көлігі батпақты жерлерде тұрып қалған. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз