Атырау облысында вагон аударылып, күкірт шашылып қалды

 Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Атырау облысының Мақат ауданында төрт вагон рельстен шығып кетіп, соның екеуі аударылып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вагондар «Жолаушылар тасымалы» ЖШС-нің Атырау облысындағы филиалына тиесілі. Апат салдарынан вагондардағы күкірт шашылып қалған. Жауапты мамандарға вагондарды көтеріп, салдарын жою тапсырылған. Оқиғаның себебі анықталуда.

Оқиға орнына мамандар аттанды, - делінген Атырау облыстық Экология департаменті.

Оқи отырыңыз