Жаңалықтар

Атырау облысында құтқарушы көз жұмды

Атырау облысында құтқарушы көз жұмды
Фото: instagram.com/atyrau_tjd 15.05.2024 18:38 2712

Бүгін Атырау қаласының № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Ілияс Әбдіқасым қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, азаматтық қорғау сержантының денсаулығы бірден нашарлаған. Ол азаматтық қорғау органдарында 2020 жылдан бастап қызмет атқарған.

Екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы болған марқұмның артында әйелі мен екі кішкентай қызы қалды.  

Жаны жайсаң, жарқын жан еді. Елінің тыныштығын, халқының амандығын ойлаған құтқарушы болатын. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай! - деп көңіл айтты ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға