Жаңалықтар

Атырау облысында қалың қамыс отқа оранды

Атырау облысында қалың қамыс отқа оранды
Фото: ТЖД 07.07.2023 09:47 967

Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамысқа от тиіп, өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатқанын мәлімдеді. 

Қамыс өрті Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тіркелді. Кеше, 6 шілдеде кешкі сағат 20:00 де өртті анықтау және бақылау үшін №13 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер, 1 техника, №4 өрт сөндіру бөлімінен 1 қызметкер, 1 техника, ал, жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен 7 қызметкер жіберілді, - деді ТЖД басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержановтың мәліметінше, 

Оның сөзінше, өрт ошағының нақты аумағын арнайы техникалармен анықтау мүмкін болмай отыр. 7 шілдеде Каспий теңізінің жағалауындағы өртті сөндіруге тікұшақ жіберу қарастырылған. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға