Жаңалықтар

Атырау облысында полицейлер базардағы өртті сөндірді

Атырау облысында полицейлер базардағы өртті сөндірді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 27.04.2024 18:06 466

Атырау облысындағы Индер базарында шыққан өртті полицейлер дер кезінде ауыздықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Атырау облысы Индер ауданында 27 сәуір күні сағат 01:00 базар ішінен өрт шыққан. Аудандық полиция бөлімі бойынша тексеруші болған бөлім бастығының орынбасары Арман Кубашев аумақты аралау кезінде қызыл жалынды байқап қалған. Ол дереу қауіпсіздік шараларын қолға алып, жақын маңдағы әріптестерін шақырған.

Индер ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Юрий Гоменюк пен Нұрберген Алтынбеков қолда бар құралдармен өртті ауыздықтап, тілсіз жау зардабының алдын алды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға