Жаңалықтар

Атырау облысында киелі жерлерге экспедиция ұйымдастырылды

Атырау облысында киелі жерлерге экспедиция ұйымдастырылды
23.10.2018 04:39 1782

Атырау облысында ҚХА киелі жерлерге "Орал-Жайық" атты экспедиция ұйымдастырды.

Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және Атырау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Орал-Жайық» экспедициясы ұйымдастырылды.

Аталған шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері қатысты. Экспедиция мүшелері Орал өңіріндегі Жымпитыдағы Алаш орда үйіне, Жұмағазы Хазірет кесенесіне, Жайық қалашығына, Тақсай қорған кешеніне, Емельян Пугачев музей-үйіне барып, киелі жерлердің тарихымен танысты.

Экспедицияға қатысушылар  киелі орындарды аралай жүріп, БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловпен кездесіп, Тақсай ханшайымы кесенесінің ашылу салтанатына қатысты. Жергілікті меценаттардың қолдауымен тұрғызылған ақ шаңқан кесененің биіктігі - 7 метр, ені - 4 метр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға