Жаңалықтар

Атырау облысында ер адам ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған

Атырау облысында ер адам ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 07.10.2024 12:21 1265

Атырауда полиция екі адамның өлімі мен өз-өзіне қол жұмсау фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, 25 жастағы ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, сонан соң өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген Атырау облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

ПД жантүршігерлік жайттың мән-жайын ашып айтқан жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға