Жаңалықтар

Атырау облысында әскерден келген сарбазды ауылдастары өлтіріп кетті

Атырау облысында әскерден келген сарбазды ауылдастары өлтіріп кетті
Фото: el.kz 14.05.2023 10:47 1488

Атырау облысында әскерден келген жас жігітті пышаққа жығып, өлтіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жергілікті «Ақ Жайық» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға мамырдың 7-інен 8-іне қараған түні Индер ауданы Жарсуат ауылында болған.

Аудандағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылының жастары табиғат аясына демалуға шыққан. Белгісіз себептермен жастар арасында өзара жанжал туындап, соның салдарынан Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны – жақында әскерден келген жас жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды, - деп жазылған ПД хабарламасында.

Қазір полиция аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны ұсталған. Сот санкциясымен ол екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға