
Атырау облысында адамдар мінген көлік балшыққа батып қалған
12.06.2025 05:30
2435
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
ТЖМ қызметкерлері балшыққа батып қалған жолаушыларға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, Атырау облысында үш адам мінген көлік балшыққа батып қалды.
ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын «Трэкол» көлігін пайдалана отырып, көлікті жолдың қауіпсіз учаскесіне сүйреп шығарды. Жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.