Жаңалықтар

Атырау облысында 52 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Атырау облысында 52 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Фото: El.kz 16.06.2023 12:56 737

Атырау облысының 29 437 тұрғыны тұрғын үй кезегінде тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңір бойынша 52 тұрғын үй салынып жатқанын айтты. Биыл 10 тұрғын үй, келесі жылы 32 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Тұрғындардан көптеп түсінетін өтініштердің бірі – тұрғын үйдегі кезекті қамту мәселесі. Келесі жылы біз салынып біткен үйлердің ішінен арнайы 24 үйді кезекте тұрған азаматтарға береміз, - деді әкім.

Сонымен қатар Серік Жамбылұлы Атырау өңірінде арнайы бағдарламалар қабылданғанын айтты.

Мәселен, арнайы «Атырау жастары» бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламамен 5 пайыздық мөлшерлемемен 18 миллион теңге көлемінде несие алуға болады. Алғашқы кезеңде осы бағдарлама аясында 100-ге жуық жас маманды баспанамен қамту жоспарланып отыр, - деді ол.

Оған қоса әкім «Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасының ерекшелігіне тоқталды. Қатысушыларға бастапқы жарнасыз қолданыстағы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі. Жылдық мөлшерлемесі –  5 пайыз, ал несие өтеу мерзімі 20 жылға дейін белгіленген. Бағдарлама шеңберінде Атырау қаласында 18 миллион теңгеге дейін және аудандарда 13 миллион теңгеге дейін қарыз беру қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға