Жаңалықтар

Атырау облысында 4 тұрғыннан 300 келіге жуық балық табылды

Атырау облысында  4 тұрғыннан 300 келіге жуық балық табылды
Фото: Балық шаруашылығы комитеті 13.05.2023 12:48 886

Атырау облысында заңсыз балық аулаған 4 тұрғыннан 300 келіге жуық сазан тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының су айдындарында «Бекіре – 2023» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтіп жатқанын мәлімдеді. 

Биылғы 11 мамырда сағат 15:55-те Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауында рейдтік іс-шара жүргізді. Рейд кезінде Исатай ауданындағы Жанбай ауылының 4 тұрғыны «Ямаха-70» аспалы қозғалтқышы бар «Будара» шағын көлемді жүзу құралымен ұсталды. Жүзу құралынан жалпы салмағы 278 келі сазан балығы мен 5 дана синтетикалық моножіптен жасалған ау құралдары табылды», - деп жазылған комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Аталаған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 335-бабының 1-бөлігінің белгілерімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала есепке сәйкес балық ресурстарына келтірілген залал мөлшері – 3 млн 740 мың 490 теңгені құраған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға