Жаңалықтар

Атырау облысына Қарулы күштердің мыңнан астам әскери қызметшісі жетті

Атырау облысына Қарулы күштердің мыңнан астам әскери қызметшісі жетті
Фото: Қорғаныс министрлігі 14.04.2024 18:44 483

Қорғаныс министрінің нұсқауына сәйкес тасқын суға қарсы іс-шараларға жәрдем көрсету үшін Атырау облысына "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының мыңнан астам әскери қызметшісі жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Теміржолмен жеткізілген біріккен құрам Шымкент, Тараз және Гвардейск гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерден құрылған. Сондай-ақ, алпыстан астам әскери және арнайы техника келді.  

Ведомство мәліметінше, әскери қызметшілер легін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев басқарып келді. Әскерилерді Махамбет, Индер аудандарының елдімекендері мен Жаңаталап ауылына жіберу жоспарлануда. Онда олар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға