Жаңалықтар

Атырау маңындағы Аспа ауылында дамба салынып жатыр

Атырау маңындағы Аспа ауылында дамба салынып жатыр
Фото: ҚР ТЖМ 11.04.2024 19:10 264

Атырау қаласы маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Аспа ауылында МКДСР мекемесімен бірігіп су тасқынынан қорғау жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл іске 30-дан аса техника жұмылдырылып, су басу қаупі бар аймақтар анықталып жатыр.

Жайық өзені бойындағы жыра жерді геодизист мамандармен бірге барлау жұмыстарын жүргіздік. Осыған байланысты Аспа мекенінің төменгі жағына толықтай дамба соғып шығамыз деген шешімге келдік. Одан бөлек жақын орналасқан екі тұрғын үйге қауіп болса, қауіпсіз жерге көшіреміз. Су өрісі келгенге дейін атқарылуы керек жұмыстар түгелдей жасалады, - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев.

Жалпы, Аспа елді мекені қауіпсіз аймақта орналасқан. Бұл ауылды көшіру жөнінде осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып келді. Қазіргі уақытта бұл мәселе қала әкімінің назарында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға