Атырау іс-түссіз жоғалып кеткен шопан бейіт маңынан өлі табылды

 ТЖД
Фото: ТЖД

Атырау облысы Жылыой ауданында із-түссіз жоғалып кеткен шопан өлі табылды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 мамырда 37 жастағы шопан қыстаудан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Бір апта іздеу жұмыстарынан кейін ер адам Құлсарыдан 40 шақырымдай жердегі Адай қорымының маңында өлі табылған.

Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдарын жүргізуде.

 

 

 

Оқи отырыңыз