Жаңалықтар

"Атырау - Индер" трассасы уақытша жабылады

"Атырау - Индер" трассасы уақытша жабылады
Фото: QazAvtoJol 22.05.2024 19:26 398

Бүгін  22 мамыр сағат 21:00-ден бастап "Атырау - Индер" трассасы уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖ жөніндегі Атырау облыстық жедел штабтың мәліметінше, бұған дейін 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын. Қосымша тағы да осындай  6 құбыр салынғалы отыр. 

Құбыр орнату жұмыстары шамамен  24-30 сағатқа созылады деп күтілуде. Бұл жұмыстарға қосымша 30 адам және 50 техника жұмылдырылады.

Автокөлік жүргізушілері үшін балама жол "Атырау - Хамит Ергалиев - Махамбет" бағыты ашық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға