Жаңалықтар

Атырау-Алматы бағытында жолаушылар пойызында жүкті келіншек босанды

Атырау-Алматы бағытында жолаушылар пойызында жүкті келіншек босанды
Фото: Қазақстан темір жолы 27.05.2023 10:18 509

Атырау-Алматы бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының жолсеріктері жүкті келіншекті вагонда толғағы қысқан кезде көмектесіп, босандырып алды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Теміржолы» компаниясы Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқанын мәлімдеді. Жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова мен Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына көмектескен. 

Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге келді. Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды, - деп жазылған ҚТЖ мәліметінде. 

Жолаушылар пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға