Жаңалықтар

Атырау әкімдігі Сұлтан Бейбарыстың мерейтойына 183 млн теңге жұмсайды

Атырау әкімдігі Сұлтан Бейбарыстың мерейтойына 183 млн теңге жұмсайды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.08.2023 14:32 638
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына 183 млн 868 мың теңге бөлінген. Атырау облысының әкімдігі ақшаның қайда кететінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халқымыздың төл өнері айтыс ұйымдастыру үшін 17 млн теңге жұмсалады. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының Р.Отарбаевтың "Бейбарыс" қойылымымен Астана қаласына гастрольдік сапары үшін 21 млн 580 мың теңге жұмсалады, - дейді облыстық әкімдік.
Сондай-ақ Отарбаевтың "Бейбарыс" қойылымының Астана қаласындағы гастрольдік сапарына 19 млн 837 мың теңге беріледі.
 
Бұл театрдың гастрольдік сапары Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің ұсынысына сай, Каир қаласында ұйымдастырылады. Ол үшін 70 млн 609 мың теңге қарастырылды. Сапар барысында жазушы Рақымжан Отарбаевтың "Бейбарыс" спектаклі сахналанады, - дейді ведомство.
 
Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы аясында Халықаралық ғылыми конференция да өтеді. Оған 36 млн 842 мың теңге қаржы қарастырылған.
 
Ұлы билеушінің тарихи тұлғасы мен тағылымды ғұмырын кенеп бетіне түсіру үшін өтетін республикалық суретшілер симпозиумын ұйымдастыруға 18 млн теңге жұмсалады.
 
Әкімдік 183 млн теңге қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағаланатынын айтты.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға