Жаңалықтар

Атлант мұхитында жоғалған батискаф бөліктері табылды

Атлант мұхитында жоғалған батискаф бөліктері табылды
Фото: Canadian Armed Forces 23.06.2023 07:32 1096

Құтқарушылар Атлант мұхитында жоғалып кеткен «Титан» батискафына тиесілі суасты қайығының екі бөлігін тапты. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Табылған бөліктердің арасында қону жақтауы мен артқы қақпақ бар екені анықталды. Олар қашықтан басқарылатын аппараттың көмегімен табылды.

Бұған дейін Атлант мұхитында жоғалған батискафта оттегі таусылғаны айтылған.

18 маусымда туристер «Титан» суасты көлігімен «Титаник» жолаушылар кемесін көру үшін Атлант мұхитының түбіне түсіп, із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Бостон жағалау күзеті хабарлады. Бортта бес адам бар екені белгілі. Расталмаған ақпарат бойынша, оның ішінде британиялық миллиардер және Action Group негізін қалаушы Хамиш Хардинг бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға