Жаңалықтар

Атбасарда төтенше жағдай жарияланды

Атбасарда төтенше жағдай жарияланды
Фото: Видеодан алынған кадр 11.04.2024 12:17 230

Ақмола облысы Атбасар ауданында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Мұны аудан әкімі Аманбек Қалжанов мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өңірдегі Жабай өзенінде су деңгейі көтерілген.

11 сәуірде сағат 4:58-де Атбасардағы Жабай өзені арнасынан тасыды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар атқарылуда.

Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атбасар ауданының әкімдігі / Акимат Атбасарского района (@atbasar_aydanynyn_akimdigi)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға