Атбасарда өрт орнынан 4 тұрмыстық газ баллоны шығарылды

 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы шаруашылық құрылысында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шақыру орнына ТЖД 5 құтқарушысы мен 1 техникасы жөнелтілді. Қызыл жалын дер кезінде толығымен сөндірілді.

Төтеншеліктердің хабарлауынша, құтқарушылардың жедел іс-қимылдардың арқасында қауіпсіз жерге 4 тұрмыстық газ баллоны шығарылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Оқи отырыңыз