Жаңалықтар

Атақты теннисші Новак Джокович Астанаға ұшып келді

Сербиялық теннисші бүгін басталған Astana Open ATP 500 жарысына қатысады
Атақты теннисші Новак Джокович Астанаға ұшып келді
Фото: facebook.com/kaztennis 03.10.2022 14:51 1423

Атақты теннисші, «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды El.kz. 

Сербиялық теннисші бүгін басталған Astana Open ATP 500 жарысына қатысады.
Н.Джокович елордаға жақсы көңіл-күймен жетті. Айта кетсек, ол жексенбі күні мәреге жеткен Тель-Авив ATP 250 додасының финалында хорватиялық Марин Чиличті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған еді.
Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингіде жетінші орында тұрған Н.Джокович Астана жарысының төртінші ракеткасы болып тіркелген. Новак ертең бастапқы кездесуін рейтингіде 81-сатыдағы чилилік Кристиан Гаринмен өткізеді.
Бүгін Астана додасына арнайы шақырту алған, рейтингіде 327-орындағы қазақстандық Бейбіт Жукаев алғашқы айналымда әлемнің 34-ракеткасы, Нидерланд өкілі Ботик Ван де Зандшульпқа есе жіберді - 1:6, 1:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open турнирінің іріктеу сайыстары аяқталғанын, Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде бір сатыға төмендегенін жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға