Жаңалықтар

«Ата-анам «жалқаусың», «даусың жоқ» деп өсірген». Меруерт Түсіпбаева жан сырымен бөлісті

«Ата-анам «жалқаусың», «даусың жоқ» деп өсірген». Меруерт Түсіпбаева жан сырымен бөлісті
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva 30.11.2023 10:59 1192

Танымал қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева «Ұйқым келмейді» бағдарламасында ата-анасының батасын алмағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Оның айтуынша, олар қызының өнер адамы болғанын қаламаған.

Ата-анам менің өнер адамы болғанымды қаламады. Кішкентай күнімнен бастап, «сен әдемі емессің», «Дауысың жоқ», «Жалқаусың» деп өсірген. «Қимай сені барамын» деген әніне бейнебаян түсіргенімде өзімнің келбетіме қарап, сондай сұлу екенмін деп ойландым. Мен ата-анама еш ренжімеймін, өйткені кеңестік тәрбие солай болды. Өте көп шектеліп өстім. Өзім ана болғаннан кейін, ондай сөздерді мүлдем балама айтпадым, – дейді әнші.  

Бұған дейін өнер иесі баласын қазір үйлендіруге дайын еместігін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға