Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жұмыс сапары аяқталды

Бұл туралы Ақорда хабарлады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жұмыс сапары аяқталды
Фото: Ақорда 21.07.2022 16:21 1544

Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жұмыс сапары аяқталды, – деп хабарлайды El.kz
Айта кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барғанын жазған болатынбыз.
Шолпан-Атада Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті.
Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Ыстықкөлде көшпенділер ойындарын тамашалады.
ҚР Президентінің Қырғызстанға жұмыс сапарының бірінші күнінен видео жарияланды.
Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысып, сөз сөйледі.
Сондай-ақ Президент Қырғыз еліне сапары барысында жазушы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды.
Мемлекет басшысы музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға