Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королінің шақыруымен ресми сапармен жүр
Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді
Фото: Борт N1 25.07.2022 09:15 1610

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді, деп хабарлайды El.kz БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.

«Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді»,-делінген хабарламада.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға