Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды
16.06.2022 10:52 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады. Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады, - делінген ақпаратта.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға