Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді - ОСК

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді - ОСК
Фото: 24.kz 12.10.2022 16:23 1667

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды El.kz

«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасына сәйкес, ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау үшін уәкілетті өкілдер Қазақстанның бүкіл өңірлері бойынша 399 809 азаматтың қолын жинады. Бүгінде оның 141 045-і тексерілді, тексерілгендердің 140 167-сі түпнұсқа деп танылды», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде қабылданғанын айтты.

Осылайша ҚР Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға