Мемлекет басшысы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президенті Питер Маурермен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Жүздесуде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен кетіп жатқан Питер Маурерге ұйымды басқарған соңғы он жылда табысты жұмысы мен біздің елімізбен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.
Питер Маурер өзінің қызметін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
Халықаралық ұйым төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың маңыздылығын және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президентімен кездесті
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды