Жаңалықтар

Асыл тұқымды жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді

Асыл тұқымды жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді
Фото: ktf.kz 25.01.2024 11:13 989

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның есімі АҚШ-та жүйрік тұлпарға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рыбакина жылқысы мансап жолын 2023 жылы бастаған. Үш жасар жылқы бүгінге дейін 2 жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болған. Жалпы табысы бүгінде 7 340 доллар болған. 

Айта кетейік, бұған дейін де асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімі берілген. 2020 жылы сәйгүлікке атақты боксшы Геннадий Головкиннің есімі берілді. Жылқының кәсіби рекорды 40 жарысты қамтиды. Бірнеше жарыстарда жүлделі болып, иесіне 94 809 доллар табыс әкелді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға