Жаңалықтар

"Асығып жүріпті ғой қарғам": Серікзат Дүйсенғазин ұлына жазба арнады

"Асығып жүріпті ғой қарғам": Серікзат Дүйсенғазин ұлына жазба арнады
Фото: instagram.com/serikzat_duisengazy 10.12.2023 18:46 11059

Ақын Серікзат Дүйсенғазы жылдық асы қарсаңында марқұм ұлына жазба арнады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр дәл осы уақытта Әлихан мені мектебіне «Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» деген еңбегін  бірге талдайық, әке» деп шақырған еді. Асығып жүріпті ғой қарғам. Содан бері доптай домалап бір жыл өте шығыпты. Өзінің оқыған N9 «Зерде» мектебінен «Әлихан Мақсұт атындағы физика лабораториясын», «Академия Реал» қазақ-испан мектебінен «Әлихан Мақсұт атындағы робототехника орталығын» ашсақ деп талпынып жатырмыз. Алла сәтін салса, ол күн де алыс емес.

Баламның жылдық асын қай уақытта берсем екен деп біраз ойландым. Біреулер ертерек бере берсең болады деді. Бірақ оны өзім қабылдай алмадым. Тәуелсіздік мерекесі, артынша жаңа жыл деп шабылып жүрген елдің бізге мойын бұруға мұршасы болмай қалатынын да есепке алдым. Ойлана келе асты 3 қаңтарға белгіледім. Өйткені 2 қаңтар күні қас қарая дүниеден өтті. 4 қаңтар күні жамбасы жерге тиді. Оның үстіне 3 қаңтар барлық жер демалады. Оны да ескердік. Сондықтан жанашыр ағайынды Әлиханымның жылдық асына шақырамын. Ата дәстүріміз бойынша соңғы міндетті жиыны ғой. Келіп Құранға қатысыңыздар. Алла Тағалам ата-аналарды жылатпасыншы, - деп жазды ақын.

Бұған дейін ақын ұлының орындалмаған арманын қолға алғанын айтып еді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға