Жаңалықтар

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57 07.12.2023 05:20 730

Жеңіл салмақтағы қазақстандық UFC шебері Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды. Танымал файтер енді наурыз айында АҚШ-та октагонға шықпақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап. 

Оның бұл кездесудегі қарсыласы америкалық Си Джей Вергар болады деп күтіліп отыр. Жоспар бойынша отандасымыз 9 наурыз күні Майамиде UFC 299 турнирінде сынға түседі. 

Бұған дейін Алмабаев 2023 жылдың тамыз айында алғаш рет әлемдік үздік промоушен саналатын UFC-де сынға түскен еді. Сол жолы Асу америкалық Одом Осборнды тас-талқан еткен еді. Алайда, қазақ файтері күз басында оқыстан жарақат алып, қатардан шығып қалды.

Айта кететін жайт, қазіргі уақытта отандасымыз Асу Алмабаев First Round Management компаниясы менеджерлік етуге ниетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға