Жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды

Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57 06.04.2023 09:44 822

Бұл туралы қазақ промоушенінің президенті Найза Нұрбек Қарабала өзінің Instagram парақшасында жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көп жұмыс атқарылды. DAR TEAM командасының негізін қалаушы Алидар Болатұлына үлкен рақмет айтқым келеді. Аралас жекпе-жек спортының дамуына қосқан үлесі орасан зор, - деп жазады қазақ промушенінің президенті Найза Нұрбек.

Айта кетейік, Асу Алмабаев кәсіпқойлар арасындағы 19 жекпе-жектің 17-сінде жеңіске жетіп, екеуінде ғана жеңілген. Сондай-ақ оның Brave FC промоушенінде төрт жекпе-жек өткізгенін және төрт жекпе-жекте де жеңіске жеткен.
 Соңғы жекпе-жекте Алмабаев филиппиндік Кеннет Маннингаттан мерзімінен бұрын басым түсті.
Кездесу 2022 жылдың қарашасында Индонезияның Бали қаласында Brave CF 66 турнирінде өтті. 

Асу Алмабаев жеңіл салмақта (57 келіге дейін) өнер көрсетеді. 
Қазіргі уақытта қазақстандық Шавкат Рахмонов, Сергей Морозов, Жалғас Жұмағұлов, Мария Агапова сынды спортшылар әлемнің үздік промоушенінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға