Жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC-де үшінші жеңісіне қол жеткізді

Асу Алмабаев UFC-де үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: UFC 16.06.2024 09:33 971

30 жастағы қазақстандық Асу Алмабаев UFC-де аса жеңіл салмақта дебютін өткізген 29 жастағы американдық Хосе Джонсонды (16-9) жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асу үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Алмабаевтың UFC-дегі көрсеткіші - 3:0, ал ММА-дегі нәтижесі - 20:2.

Айқастан соң Алмабаев UFC-дегі жеңіл салмақта үздік бестіктің қатарына кіріп, рейтингіде төртінші орында тұрған жаңазеландиялық Кай Кара-Франсты жекпе-жекке шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға