Астананың жаңа туристік орындары: қайда барып, не көруге болады?

Астананың жаңа туристік орындары: қайда барып, не көруге болады?
Фото: Арман Мухатов

Астана соңғы жылдары туристер үшін тартымды бағыттардың біріне айналып келеді. Қалаға келген қонақтар заманауи музейлерді, халықаралық көрмелерді және ерекше мәдени кеңістіктерді тамашалай алады. Елордаға келген қонақтар міндетті түрде көріп шығуы тиіс үш нысанды ұсынамыз.

Туристер саны артып келеді

2026 жылдың бірінші тоқсанында Астанаға 352,2 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Оның ішінде 67,9 мың адам – шетелдік туристер. Ал 2025 жылдың қорытындысында елордаға келген туристер саны 1,6 миллионға жеткен.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, бүгінде қала іскерлік және медициналық туризм бағыттарын қатар дамытып келеді.

Фото: Арман Мухатов 

Қазір Астанаға халықаралық форумдар мен көрмелерге, концерттерге, фестивальдерге және ем қабылдау үшін келетін туристер саны артып келеді. Біздің міндетіміз – туристерге қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру. Қалада бүгінде 100-ден астам туристік нысан жұмыс істейді, ал алдағы жылдары жаңа қонақүйлер мен демалыс орындары пайдалануға беріледі, – дейді Мақсат Жаңабаев.

Бэнксидің жұмбақ әлемі

Елордадағы жаңа мәдени кеңістіктердің бірі – Lumiere Hall мультимедиялық музейі. Қазір мұнда «Banksy. Данышпан ба әлде вандал ма?» халықаралық көрмесі өтіп жатыр.

Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 

Экспозиция цифрлық инсталляциялар, ауқымды проекциялар және мультимедиялық технологиялар арқылы келушілерді әлемге әйгілі стрит-арт шеберінің шығармашылығымен таныстырады. Мұнда Англия мен Испаниядан жеткізілген Бэнксидің түпнұсқа жұмыстары да қойылған.

Музей администраторы Назерке Орынбасардың айтуынша, көрме келушілерге ерекше әсер сыйлайды.

Фото: Арман Мухатов 

Бірінші залда Бэнксидің түпнұсқа жұмыстары мен әйгілі Dismaland жобасы ұсынылған. Ал екінші залда VR технологиялары қолданылған мультимедиялық инсталляция көрсетіледі. Сондықтан көрермен көрменің ерекше атмосферасын толық сезіне алады, – дейді ол.

Теміржол әлеміне саяхат

Биыл ашылған Қазақстан темір жолы тарихы музейі де туристер үшін қызықты орындардың бірі. Мұнда классикалық музей экспозициялары AR және VR технологияларымен, интерактивті панельдермен және симуляторлармен толықтырылған.

Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 

Келушілер Түрксіб тарихымен, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың еңбегімен, локомотивтердің эволюциясымен танысып қана қоймай, машинист кабинасына кіріп, пойыз басқару жүйесін де көре алады.

Экскурсовод Карина Сапашеваның сөзінше, музейдегі ең танымал орын – интерактивті зал.

Фото: Арман Мухатов 

Балалар да, ересектер де локомотив кабинасына кіріп, өзін машинист ретінде сезіне алады. Бұл бөлім келушілердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Қазірдің өзінде Ресейден келген туристердің де музейге қызығушылығы байқалады, – дейді экскурсовод.

Леонардо да Винчидің мұрасы

Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» халықаралық көрмесі де елордадағы ең танымал мәдени жобалардың біріне айналды.

Көрмеде Леонардо да Винчидің түпнұсқа сызбалары негізінде жасалған 40-тан астам инженерлік модель қойылған. Келушілер ұшу аппараттарын, парашютті, әскери құрылғыларды және түрлі механизмдерді көріп қана қоймай, олардың жұмысын өз қолымен сынап көре алады.

Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 
Фото: Арман Мухатов 

Көрме гиді Диана Абдуллақызының айтуынша, экспозициядағы ең ерекше туындылардың бірі – әйгілі «Витрувиан адамы».

Фото: Арман Мухатов 

Бұл еңбек арқылы Леонардо да Винчи адам денесінің үйлесімділігі мен анатомиялық мінсіздігін көрсеткісі келген. Ол – қайта өрлеу дәуірінде адам ең басты құндылық саналған. Сондықтан «Витрувиан адамы» сол дәуірдің символына айналды, – дейді гид.

Астана күні қарсаңында елордаға келетін қонақтар мен тұрғындар осы үш нысанды аралап, ерекше әсер ала алады.

Оқи отырыңыз