Жаңалықтар

Астананың іргесіндегі ауылда 10 жастағы бала сабақ үстінде көз жұмды

Астананың іргесіндегі ауылда 10 жастағы бала сабақ үстінде көз жұмды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.05.2023 00:40 1799

Астананың іргесінде орналасқан ауылда жаттығу кезінде 10 жастағы оқушы көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында Арнайы дайындық орталығындағы жаттығу кезінде он жастағы тәрбиеленуші кенеттен қайтыс болған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы құтқарып қала алмаған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, он жастағы спортшы спорт залдағы сабақ үстінде көз жұмған. Көмек көрсете алмаған қызметкерлері үшін облыстық жедел жәрдем станциясының жетекшісі жұмысынан шеттетілгені белгілі болды.

Полиция ұл баланың қазасына байланысты тергеу басталғанын жеткізді.

Қазіргі таңда өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға