Астананың ең сымбатты жігіті кім? Байқау жеңімпазы белгілі болды

Астананың ең сымбатты жігіті кім? Байқау жеңімпазы белгілі болды
Фото: AI көмегімен жасалды

Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Top man of Astana 2026 ерлер сұлулық байқауы мәресіне жетті. «Жастар» сарайында өткен финалдық кеште 18 қатысушы өзара бақ сынап, түрлі кезеңдерде өнер көрсетті.

Top man of Astana 2026 ұйымдастырушылары байқаудың негізгі мақсаты тек келбетті жігітті анықтау емес екенін айтады. Жоба арқылы салауатты өмір салтын ұстанатын, өзін үнемі дамытатын, мәдениеті мен білімі қатар қалыптасқан ер азаматтардың жаңа бейнесін насихаттау көзделген.

Финалға дейін бірнеше апта бойы қатысушылар кәсіби хореографтармен, стилистермен, фотографтармен, режиссерлермен және тәлімгерлермен жұмыс істеген. Олар сахнада өзін ұстау, көпшілік алдында сөйлеу, актерлік шеберлік пен дефиле өнерін меңгеріп, жан-жақты дайындықтан өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от top_man_astana (@top_man_astana)

Қазақы болмысты дәріптеді

Финалдық кеш бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен ұлттық нақыштағы киімдермен сахнаға шығып, қазақы болмысты дәріптеді. Кейін классикалық костюмдермен дефиле жасап, өздерінің сахна мәдениеті мен стилін көрсетті.

Байқаудың шығармашылық кезеңінде әр қатысушы өз өнерін ортаға салды. Бірі би билесе, енді бірі музыкалық қабілетін көрсетті. Ал жеңімпаз атанған Абдулла Абильтаев көрермендер алдында ән орындап, қазылар алқасы мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Сонымен қатар қатысушылар өздерін таныстырып, өмірлік ұстанымдары мен мақсаттары туралы айтып, қазылардың сұрақтарына жауап берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Hakanai (@harmaeus_mora)

Жеңімпаз – Абдулла Әбілтаев

Top man of Astana 2026 жеңімпазы атанған Абдулла Әбілтаев бірнеше жылдан бері фитнес жаттықтырушысы және тәлімгер болып еңбек етеді. Ол өзін үнемі дамытуды өмірлік қағидасына айналдырғанын айтып, модельдік индустрияда да тәжірибесі бар екенін жеткізген.

Бұған дейін байқаудың таныстыру кезеңінде Әбілтаев әлемді аралап, түрлі мәдениеттермен танысуды армандайтынын және болашақта әйгілі Dolce & Gabbana сән үйінің амбассадоры болуды мақсат ететінін айтқан еді.

Жоба жыл сайын өткізілуі мүмкін

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Top man of Astana – тек сұлулық байқауы емес. Бұл – өзін-өзі дамытуға, көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға және мәдениет, спорт, стиль мен заманауи ер азаматтың құндылықтарын дәріптеуге арналған алаң.

Байқау аясында қатысушылар үшін жүлде қоры қарастырылып, көрермендер арасында да бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Егер жоба сәтті жалғасын тапса, ұйымдастырушылар Top man of Astana байқауын дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз