Жаңалықтар

Астананың әкімі әкесінің Болат Назарбаевтың асына неге бармағанын айтты

Астананың әкімі әкесінің Болат Назарбаевтың асына неге бармағанын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр 22.12.2023 17:05 3024

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек әкесі Махмұт Қасымбек Болат Назарбаевтың асына неге бармағанына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Брифинг барысында журналистердің бірі елорда әкімінен: «әкеңіз экс-президенттің жанында 20 жылдай қызмет етті, бірақ ол кісі неге асқа бармады?» - деп сұрады.

Алайда әкім бұл сауалға қысқа жауап қайырды:

Ол кісінің өзінен сұраңыз. Оның орнына мен қалай жауап беремін?! – деді Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға